Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілддегі № 647 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 қыркүйекте № 12007 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.07.2016 жылғы № 661 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.06.2017 жылғы № 471 Бұйрығына сәйкес (29.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.07.2017 жылғы № 530 Бұйрығына сәйкес (29.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Медициналық мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің міндетін атқарушы Б. Нұрымбетов
Келісілді 
Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым Министрінің 
міндетін атқарушы 
________________ Т. Балықбаев 
2015 жылғы 31 шілде
Полная версия
ИС BestProfi