Близость слов: Окончание:





Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 548 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 тамызда № 11857 тіркелді
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 26-13) тармақшасына және 56-бабының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
       _______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
       _______________ Қ.Қасымов 
2015 жылғы 26 маусым
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 548
 бұйрығымен бекітілген
1. Осы Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағының 26-13) тармақшасына және 56 бабының 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленген және ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың қолданысы жарылғыш заттарды, сондай-ақ жарылғыш заттардан және жару құралдарынан (1-класты қауіпті жүктер) тұратын құрылғыларды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдарға, сондай-ақ:
1) осы Қағидаларда көрсетілмеген және олардың ішкі немесе пайдалану жабдығында қауіпті жүктерден тұратын машиналарды немесе механизмдерді тасымалдауға;
2) адамдарды құтқару немесе қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылатын тасымалдауларға, осындай тасымалдаулардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданған жағдайда;
Полная версия
ИС BestProfi