Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
30 сәуірдегі № 564
бұйрығына 2-қосымша
«Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 17.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
порталға құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1 тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетіне»жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері хабарласқан кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінім қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алу келесі жұмыс күні іске асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Порталда көрсетілген қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесі. Бұл ретте мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған болса, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа ұйымдар үшін – әкетілетін шикізат тауарларына меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымша және (немесе) толықтырулардың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі. Егер мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжаттың көшірмесі;
бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуы немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасы.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының, олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012 кабинет мекенжайы бойынша беріледі, телефоны: 8 (7172) 75 43 22, 75 43 23.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 85, 75 48 76. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Полная версия
ИС BestProfi