Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
30 сәуірдегі № 564
бұйрығына 5-қосымша
«Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарттың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес
Редакция 17.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
порталға құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (толық автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден экспорты лицензия негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдар сынықтары мен қалдықтарын әкелу кезiндегі мемлекеттiк бақылау актiсi (бұдан әрі – акті) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 9-1-тармақта көзделген жағдайда және негіздеме бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері хабарласқан кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінім қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін алу келесі жұмыс күні іске асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Порталда көрсетілген қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
сыртқысауда шартының (келісімшартының), қосымшасының және (немесе) оған қосымшаның көшірмесі, сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың электронды көшірмесі;
тауарлардың толық ассортиментін, санын және массасын көрсете отырып құрамында бағалы металдары бар тауарларға арналған ерекшелік;
шеберлердің зергерлік бұйымдары мен алтын және күмістен жасалған бұйымдарын, басқа да бұйымдарды және олардың бөліктерін қоспағанда тауардың құрамындағы бағалы металдар туралықұжаттың көшірмесі;
арнайы есепке алуға қою туралы құжаттың көшірмесі.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының, олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 жылғы № 923 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1012 кабинет мекенжайы бойынша беріледі, телефоны: 8 (7172) 75 43 22, 75 43 23.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 жылғы № 640 Бұйрығына сәйкес (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)  (өзгерту 17.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 85, 75 48 76. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Полная версия
ИС BestProfi