Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.08.2021
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10887 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 9 тамыздан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 01.07.2021 жылғы № 228 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 02.08.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрі 
___________ А. Мамытбеков 
2015 жылғы 19 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
___________ Т. Дүйсенова 
2015 жылғы 27 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 13 наурыздағы
 № 188 бұйрығымен
 бекітілген
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері
Критерийлер жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 02.08.2017 жылғы № 276 Бұйрығына сәйкес (13.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Қоныстану аумақтары жерінің ластануын бағалау критерийлері

Көрсеткіштер

Экологиялық

апат

Төтенше экологиялық

жағдай

Салыстырмалы

орташа жағдай

Негізгі көрсеткіштер

Топырақ бетінен 1 метр (бұдан әрі – м) деңгейдегі техногенді радионуклидтерден түскен эквиваленттік доза қуатының аядан асуы, сағатқа микрозиверт (бұдан әрі – мкЗв/сағ)

0,57-ден астам

0,57-0,11

кемінде 0,11

*Радиоактивті ластану (алаңдық белсенділік), шекті мәндер, кБк/м2


 


 


 

цезий-137

400-ден астам

400-75

кемінде 75

стронций-90

630-дан астам

630-120

кемінде 120

плутоний-238, плутоний (239+240) (изотоптар жиынтығы)

2080-нен астам

2080-410

кемінде 410

америций-241

2500-ден астам

2500-490

кемінде 490

Химиялық ластанудың жиынтық көрсеткіші (бұдан әрі – Zс)

128-ден астам

128-32

кемінде 32

Қосымша көрсеткіштер

1 килограмм (бұдан әрі – кг) топырақтағы гельминттер жұмыртқаларының мөлшері

100-ден астам

100-10

кемінде 10

1 грамм (бұдан әрі – г) топырақтағы патогенді микроорганизмдердің саны

106-дан астам

106-105

кемінде 105

**Коли-титр

кемінде 0,001

0,01-0,001

0,01-ден астам

* Алаңдық белсенділіктен үлестіге ауысу үшін мына параметрлер қолданылады – тереңдігі 5 см топырақ қабаты, топырақ тығыздығы – 1,3 кг/дм3)
Полная версия
ИС BestProfi