Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.07.2019
Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына), сондай-ақ өзге ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) үлгi шарттарды бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11254 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 12 шілдеден бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.06.2019 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын желiге бөлудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын ұлттық электр желiсi арқылы беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды тасымалдау жөнiнде көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды сақтау жөнiнде көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерін ұсынуға арналған үлгі шарт;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру қызметтерін ұсынуға арналған үлгі шарт;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер ұсынуға арналған үлгі шарт;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Аэронавигация қызметтерiн көрсетуге арналған үлгі шарт;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Кейiннен порттан шығып жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кіргенi үшiн (кеменің кiруi) теңiз портының қызметтер көрсетуiне арналған үлгi шарт;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Әуежайлардың реттелетін қызметтерiн көрсетуге арналған үлгі шарт;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын беру және/немесе тарату жөнiнде қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөнiндегі қызметкердi көрсетуге арналған үлгі шарт;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Табиғи монополия субъектісінің жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу жөніндегі қызметтерді көрсетуіне арналған үлгі шарт;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсетуге арналған үлгi шарт;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөнiндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгі шарт;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Тасымалдау процесiнiң маневрлiк жұмыстары, тиеу-түсiру, басқа да технологиялық операциялары үшiн, сондай-ақ тасымалдау процесiнiң технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшiн бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кiрме жолды ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсетуге арналған үлгi шарт;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарты;
Полная версия
ИС BestProfi