«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес
Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2016
Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 210 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12067 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 жылғы № 1192 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 4 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________ Е. Досаев 2015 жылғы «__» _________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 210 бұйрығымен бекітілді
Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын-ала қарау – жобаның жүзеге асыру мақсаттылығын, оның ішінде олардың инновациялық гранттарды ұсынудың басым бағыттарына, инновациялылық критерийлеріне, ауқымдылығына, өтініш берушінің құзыреттілігіне қарастыру;
Полная версия