Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11541 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2016 жылғы № 572 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 24.04.2026 жылғы № 93 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2016 жылғы № 572 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі
Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2016 жылғы № 572 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Әдістеме өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 жылғы № 411 Бұйрығымен (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Әдістеме өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 18.12.2017 жылғы № 913 Бұйрығымен (30.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Әдістеме өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.05.2020 жылғы № 316 Бұйрығымен (28.12.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.12.2021 жылғы № 679 Бұйрығымен (28.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 24.04.2026 жылғы № 93 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.05.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушы шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-23) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темір жол учаскелері мен Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан Ресей Федерациясы темір жол учаскелері бойынша өтетін әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын субсидиялау көлемі 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге сәйкес бекітілетін теміржол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалады.