Близость слов: Окончание:





Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 165 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11125 тіркелді
Редакция 07.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1 ), 2 ) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Сыртқы істер министрі 
________ Е.Ә.Ыдырысов 
2015 жылғы 13 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
________ Е.А.Досаев 
2015 жылғы 6 сәуір
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 165 бұйрығымен бекітілген
Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.06.2015 жылғы № 726 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды (өзгеріс 31.12.2015 жылға дейін әрекет етеді)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.04.2017 жылғы № 241 Бұйрығымен (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2018 жылғы № 288 Бұйрығымен (27.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 941 Бұйрығымен (28.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.08.2019 жылғы № 661 Бұйрығымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 19.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.04.2020 жылғы № 245 Бұйрығына сәйкес (22.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi – Заң) 4-бабы 3-тармағының 55-2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрленген және кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
2. Қағидалар сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын кемелерге қолданылады. Қағидалар Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерi туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
3. Қағидалар барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш беруші) қолданылады.
Полная версия
ИС BestProfi