«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 17.01.2018
Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11721 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 17 қаңтардан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 19.07.2017 жылғы № 483 Бұйрығына сәйке
1. Қоса беріліп отырған Аса жеңіл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекіту туралы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және кезеңдік баспа шығарылымдарға ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е.А. Досаев __________________ 2015 жылғы 18 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 194 бұйрығымен бекітілген
Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасы
1. Осы Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1 тармағының 41-23) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау тәртiбi айқындайды.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсімін өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
2) өтініш беруші – аса жеңіл авиацияның әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) ұшуға жарамдылық – әуе кемесiнiң қауiпсiздiгi мен ұшу сапасын қамтамасыз ететiн ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін оның техникалық жай-күйі.
3. Аса жеңiл авиацияның әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын және аса жеңiл авиацияның бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Полная версия