Близость слов: Окончание:





Теңiзде жүзу кiтапшасының үлгiсiн, оны ресiмдеу және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 156 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10661 тіркелді
Редакция 07.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.05.2020 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес теңізде жүзу кітапшасының үлгісі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 156 бұйрығына
 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Republic оf Kazakhstan
Қазақстанның Елтаңбасы
ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ
SEAMAN’S BOOK
Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің сыртқы өңірбеті Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің бірінші беті
ИНФОРМАЦИЯ для владельца мореходной книжки
Теңізде жүзу кітапшасының иесіне АҚПАРАТ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Қазақстан Елтаңбасы REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
1. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады. Мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна.
2. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жеке куәлігі болып табылмайды. Мореходная книжка не является удостоверением личности моряка
3. Теңізде жүзу кітапшасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 66-бабына сәйкес жұмыс беруші беретін еңбек кітапшасын ауыстырмайды.
Мореходная книжка не заменяет трудовую книжку, выдаваемую работодателем в соответствии со статьей 66 Трудового кодекса Республики Казахстан.
4. Теңізде жүзу кітапшасын кеме иесі – жұмыс беруші, теңіз портының әкімшілігі, су көлігі оқу орындары береді.
Мореходная книжка выдается судовладельцем-работодателем, администрацией морского порта, учебными заведениями морского транспорта.
5. «Кемедегі қызметтік жағдайы» бөліміне енгізілетін мәліметтер (кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен портты қоспағанда) жұмыс беруші кеме иесі немесе теңіз порты әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамы куәландырады.
Сведения, вносимые в раздел «Служебное положение на судне» (за исключением даты и порта начала работы на судне) заверяются судовладельцем-работодателем или уполномоченным должностным лицом администрации морского порта.
Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен порт туралы мәліметтерді және «Жұмысты аяқтау» бөліміне енгізілетін мәліметтерді кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды адам куәландырады.
Сведения о дате и порте начала работы владельца мореходной книжки на судне и сведения, вносимые в раздел «Завершение работы», заверяются капитаном судна или назначенным им должностным лицом.
6. Теңізде жүзу кітапшасының қолданылу мерзімі шектелмеген. Срок действия мореходной книжки не ограничен.
7. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жазбаша келісімімен кеме капитанында сақталатын жағдайларды қоспағанда, үнемі теңізшімен бірге болады.
Мореходная книжка всегда находится у моряка, за исключением случаев, когда с письменного согласия моряка она хранится у капитана судна.
ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ SEAMAN’S BOOK
Осы Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады.
Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады
Настоящая мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна.
Мореходная книжка содержит 32 страницы The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel. It contains 32 pages
Берген мемлекет коды/Code of issuing State ФОТО Құжат №/Document №
МК 0000000
Тегі/Фамилия/Surname
Аты/Имя,
отчество/Given names
М.О. Уәкілетті адамның лауазымы,
Тегі Қолы/
Должность, фамилия, подпись уполномоченного лица/ official ‘ s position, name, signature
Азаматтығы/Граждансто/
Nationality
Туған күні/Дата рождения/
Date of birth
Туған жері/Место рождения/
Place of birth
Жынысы/Пол/Sex
Берілген күні/Дата выдачи/
Date of issue
_________________
(иесінің қолы/подпись владельца/ holder' s signature)
_________________(қолы/подпись /signature)
Полная версия
ИС BestProfi