Близость слов: Окончание:





Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-02/584 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 тамызда № 11913 болып тіркелді
Редакция 13.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 15) тармақшасына, 13-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.07.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (19.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2023 жылғы № 106 Бұйрығына сәйкес (17.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес (28.08.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.01.2026 жылғы № 34 Бұйрығына сәйкес (28.08.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.02.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық нормативтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру және (немесе) өткізу туралы есеп нысаны;
3) осы бұйрыққа 2-1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді импорттау және өткізу туралы есеп нысаны;
4) осы бұйрыққа 2-2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді сақтау туралы есеп нысаны;
5) осы бұйрыққа 2-3-қосымшаға сәйкес химиялық өңдеулерді жүргізу туралы есеп нысаны;
6) осы бұйрыққа 2-4-қосымшаға сәйкес тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыру жөніндегі есеп нысаны;
7) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық есепке алу нысандарын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
___________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 1 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 20 шілде
Полная версия
ИС BestProfi