Близость слов: Окончание:





Биржа саудасының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығы 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10993 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 19.07.2022 жылғы № 294-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Сауда және интеграция министрінің 03.10.2025 жылғы № 286-НҚ Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 13.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 19.07.2022 жылғы № 294-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Т. Жақсылықов
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрі
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 30 наурыздағы
 № 280 бұйрығымен бекітілген
Биржалық сауда қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.11.2015 жылғы № 727 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.08.2018 жылғы № 10 Бұйрығымен (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 06.09.2019 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (10.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 19.07.2022 жылғы № 294-НҚ Бұйрығына сәйкес (03.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы биржалық сауда қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржалық саудаға қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 20.03.2025 жылғы № 116-НҚ Бұйрығына сәйкес (29.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ашылу бағасы – белгілі бір биржалық сауда-саттықта белгілі бір биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша жасалған алғашқы биржалық мәміленің бағасы;
2) базалық баға – биржалық сауда-саттық барысында биржалық тауарға белгіленетін, сауда сессиясы ішінде баға өзгерісінің ең төмен және ең жоғары деңгейін есептеу үшін қабылданатын баға;
3) биржалық сауда - биржалық сауда-саттықты электрондық нысанда жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы тауар биржасында жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды сату (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
4) биржалық брокер (бұдан әрі брокер) өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi