"Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 93 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 616 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қыркүйекте № 12094 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 27 наурызынан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.02.2018 ж. № 67 Бұйрығына сәйкес
1. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10538 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: