Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2016
"Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 518 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қыркүйекте № 12117 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Әділет министрінің 21.10.2016 жылғы № 912 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нормативтік құқықтық актіге негіздеме-анықтама нысанын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4376 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нормативтік құқықтық актіге анықтама-негіздеме нысаны мындай мазмұндағы 8-1-бағанмен толықтырылсын:
8-1. Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты (бар болса)  
2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты аумақтық әділет органдарының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi