Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12073 болып тіркелді
Редакция 25.03.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-22) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.04.2020 жылғы № 221 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің  міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау министрі 
       Т. Дүйсенова ___________ 
2015 жылғы 24 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрі 
Б. Сұлтанов___________ 
2015 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрі 
Е. Досаев ____________ 
2015 жылғы 13 тамыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі 
Қ.Қасымов ___________ 
2015 жылғы 22 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрі 
В. Школьник ___________ 
2015 жылғы 13 тамыз
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрлігінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 24 ақпандағы
 № 198 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 25.07.2017 жылғы № 494 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 595 Бұйрығына сәйкес (25.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi