Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қыркүйекте № 12038 болып тіркелді
Редакция 27.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
  "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларын бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек
"КЕЛІСІЛДІ"
 Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер министрі 
Қ. Қасымов _________________ 
2015 жылғы 6 тамызда
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрі міндетін
атқарушысының
2015 жылғы 27 наурыздағы
 № 367 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 жылғы № 485 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығының нормалары (бұдан әрі – Нормалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-19) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес азаматтық әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында әзірленді және азаматтық әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) конструкциясына, параметрлеріне және ұшу сапасына қойылатын негізгі талаптарын белгілейді
2. Осы нормалар азаматтық ӘК, азаматтық ӘК қозғалтқыштары мен жабдығына қолданылады және ұлттық стандарттарды, азаматтық ӘК техникалық тапсырмалары мен техникалық шарттарын әзірлеген кезде міндетті болып табылады.
3. Осы Нормалардың талаптары Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін конструкциялау, өндіру, сынау, сертификаттау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде олардың меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің орындауы үшін міндетті.
4. Осы Нормалардан ауытқуды, егер жекелеген нормаларды орындамау сертификатталған және орындаушы мен тапсырыс беруші қабылдаған ұшу жарамдылығының баламалы деңгейін қамтамасыз ететін басқа шаралармен өтелетін болса, Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қолайлы деп таниды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 жылғы № 485 Бұйрығына сәйкес (27.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019  жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Осы Нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) айналыстың максималды жиілігі – егер максималды режим техникалық пайдалану жөніндегі басшылықта көзделмесе, қосымша газ турбиналық қозғалтқышты пайдаланудың күтіліп отырған жағдайында максималды немесе максималды ұзақ режимде ротор айналысының максималды жиілігі;
2) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі әуе винтінің ресурсы – пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген атқарым. Топтамалық өндіріс және алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар оны бастапқы мәнінен әуе винтіне техникалық құжаттамамен берілген мәнге дейін ұлғайтуға жатады. Күрделі жұмысқа және жөндеу аралық ресурстары шегінде Техникалық регламентке көзделген жергілікті жөндеулер мен жеке бөлшектерді ауыстыру арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі;
3) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың ресурсы – пайдалану басталғаннан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген атқарым. Топтап шығару процесінде және пайдалану барысында ресурс алғашқы күрделі жөндеуге дейін оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқышқа берілген техникалық шарттар мәніне дейін ұлғаюға жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурс пен жөндеуаралық ресурстар шегінде кейбір бөлшектердің ауыстыра отырып, Техникалық Қызмет көрсету Регламентінде көзделген жергілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жол беріледі;
4) антенна-фидер құрылғысы – навигацияның борттық қонудың радиотехникалық жабдығының және/немесе радиобайланыс жабдығының электромагниттік энергияны қабылдауын және/немесе оның сәуле шығаруын қамтамасыз ететін, құрамында антеннасы, байланыс элементтері мен фидерлері бар құрылғылар жиынтығы
5)аспап – дербес пайдалану мәні бар және параметрді (параметрлерді) өлшеу мен индикациялауды қамтамасыз ететін құрылғы;
6) ауыспалы процесс – қалыптасқан екі режим арасында (іске қосу, бір режимнен екінші бір режимге ауысу, тоқтау) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш параметрлерінің уақыт ішіндегі өзгеру процесі;
7) ауыспалы әуе винтінің процесі– екі орныққан режим (іске қосу, тоқтату және басқалары) әуе винтінің параметрлерінің уақыт бойынша өзгеру процесі.
8) ауыспалы процесс – белгіленген екі режим арасындағы (іске қосу, толық және ішінара қабылдағыштығы, дросселдеу, газдың түсуі, қалдықтар мен басқалар) параметлердің уақыт ішінде өзгеру процесі;
Полная версия
ИС BestProfi