Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.10.2015
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/374 бұйрығымен бекітілген
8-қосымша
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент күшін жойды 2015 жылғы 17 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.08.2015 жылғы № 7-1/764 Бұйрығына сәйкес
1. «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы ақпарат және байланыс агенттігі (әрі қарай-орталық) құқықтық шаруашылық жүргізуге «Халыққа қызмет күрсету орталығына»;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңселері;
3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына, транзитіне рұқсат (бұдан әрі – рұқсат).
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураны (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған Стандарттың 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі – өтініш) құжаттар тізімін ұсыну негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
1) аумақтық инспекция кеңселерінің қызметшісі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеуі - 30 минуттан артық емес;
2) аумақтық инспекция басшылығының жауапты орындаушыны таңдау - 2 сағаттан артық емес;
3) орындаушымен өтініште ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағына көрсетілген тізіміне сәйкестігін қарау;
4) сұраныстың қаралу мерзімі құжаттар тапсырған сәттен бастап орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импортқа, экспортқа – 10 (он) жұмыс күнінен артық емес, басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасуға – 30 (отыз) жұмыс күніне дейін және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне – күнтізбелік 60 (алпыс) күнге дейін орны ауыстырылатын транзиттік объектілерге - 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды;
ветеринариялық-санитариялық қорытынды нәтижелерінің негізінде аумақтық инспекция басшысы уәкілетті органның ведомствосына белгіленген нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге өтінім немесе жазбаша түрде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға рұқсат беруге дәлелді бас тарту шығаруды жолдайды;
өтінімде бар мәліметтерді қарайды, талдайды және көрсетілетін қызметті берушіге шешім қабылдау үшін енгізеді;
көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды қарап болғаннан кейін келесідей шешім шығарады:
Полная версия
ИС BestProfi