Близость слов: Окончание:





Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қаңтарда № 10168 тіркелді
Редакция 18.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 59) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2014 жылғы «____»________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________ Е. Досаев
2014 жылғы «____»________
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 18-04/675 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.08.2015 жылғы № 18-03/725 Бұйрығымен (19.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығымен (06.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 26.08.2020 жылғы № 203-ө Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.03.2021 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (26.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 15.11.2022 жылғы № 701 Бұйрығына сәйкес (06.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аң аулау – аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi;
2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;
Полная версия
ИС BestProfi