«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 03.07.2016
Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қыркүйекте № 12078 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 3 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.12.2015 жылғы № 1225 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі Е.К. Сағадиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 4 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі __________________ Е. Досаев 2015 жылғы «_____» __________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы _______________Т. Жақсылықов 2015 жылғы 24 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 211 бұйрығымен бекітілген
Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 9 қаңтарындағы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 5 бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттарды беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес грант алған жеке және заңды тұлға;
Полная версия