Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 қыркүйекте № 12032 болып тіркелді
Редакция 29.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 01.06.2023 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидалар бекітілсін:
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
_____________Ә. Исекешев 
2015 жылғы 11 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
_____________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 18 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 20 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
___________ В. Школьник 
2015 жылғы 13 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 15-08/590 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалар
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.06.2016 жылғы № 285 Бұйрығымен (29.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.09.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.01.2018 жылғы № 8 Бұйрығымен (27.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.02.2019 жылғы № 46 Бұйрығымен (10.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) өзгерту 24.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.05.2020 жылғы № 186 бұйрығына сәйкес (01.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 01.06.2023 жылғы № 211 Бұйрығына сәйкес (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты аумақтық бөлімшеге (көрсетілетін қызметті берушіге), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi