Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрлігінің
 Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
 шаруашылық істері және
 жер ресурстарын басқару комитеті
 төрағасының
 2015 жылғы 3 шілдедегі
 № 235-нқ бұйрығына
 4-қосымша
Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағалар мониторингі және сметалық бағалар есебі жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Осы Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағалар мониторингі және сметалық бағалар есебі жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі - Мемлекеттік норматив) сметалық құжаттаманы әзірлеу күніне бағалардағы ресурстардың нормативтік шығысы негізінде құрылыстың сметалық құнын айқындау және сметалық құжаттаманы жасау үшін құрылыстағы ағымдағы бағалардың мониторингі және құрылыс ресурстарының сметалық бағаларының есебі әдістемесін белгілейді.
2. Мемлекеттік норматив құрылысқа салынатын мемлекеттік инвестициялардың есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен тұрғызылатын объектілердің құрылысына арналған сметалық құжаттаманы жасау кезінде қолдану үшін міндетті болып табылады.
3. Құрылыс ресурстарының ағымдағы бағасына мониторинг жүргізудің мақсаты кейіннен құрылыс ресурстарының сметалық бағаларын есептеу үшін Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша бағаларды қадағалау болып табылады.
4. Осы Мемлекеттік нормативте тиісті анықтамаларымен бірге мынадай терминдер қолданылады:
1) ағымдағы бағалар – нақты кезеңге (тоқсанға, жарты жылға, жылға) арналған құрылыс ресурстарының бағалары;
2) дилер - өндіруші кәсіпорынмен, уәкілетті органмен немесе дистрибьютормен тиісті келісім бойынша белгіленген шарттардың негізінде өзінің атынан өз есебінен өндірушінің тауарын өткізуді (сервистік қызмет көрсетуді) жүзеге асыратын тауар өткізетін желінің субъектісі;
3) есептік кезең (тоқсан, жарты жыл, жыл) – кезекті тоқсанға, жарты жылға, жылға арналған құрылыс ресурстарының сметалық бағаларының есебі жүргізілетін кезең;
4) есептік орташа босатылым бағасы – бұл құрылыс материалдары мен жабдықтарына арналған салыстырмалы босатылым бағаларының орташа арифметикалық немесе орташа өлшемді мәні;
5) жеткізуші кәсіпорындар - құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды, инженерлік-технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ, жиһазды және мүкәммалды сауда жеткізушілері;
6) инженерлік жабдық (бұдан әрі - жабдық) - тұрмыстық және өндірістік қызметтің қажетті жағдайларын қамтамасыз ететін, сумен (суық және ыстық сумен) жабдықтау, кәріз, жылу беру жүйелерін, ауаны салқындатуды, баптауды, газбен жабдықтауды, электр жабдығын, көтеру-көлік құралдарын (лифттер, эскалаторлар), қоқыс жою, шаң жинау, өрт сөндіру құралдарын, дабыл, телефондандыруды, радио тартуды және ішкі абаттандырудың басқа түрлерін қамтитын техникалық құрылғылардың кешені;
7) құрылыс бұйымы - ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларының элементі ретінде қолдануға арналған бұйым; орнатылатын жерден тыс жасалатын құрылыс конструкцияларының элементі (баған, ферма, ригель, жабу тақтасы, қабырға панелі, арматуралық қаңқа және басқалар);
8) құрылыс конструкциясы - құрылыс және монтаж жұмыстарын орындау үрдісінде өзара байланысқан элементтерден тұратын, белгілі бір функционалдық мақсаты бар ғимараттың, құрылыстың бөлігі. Құрылыс конструкциясы ғимаратта (құрылыста) тіреу, қоршау немесе басқа функцияларды орындайды немесе олардың кейбіреулерін бірге орындайды (іргетас, қабырға, аражабын, саты, еден, ауаарна, санитарлық-техникалық торап, құдық, резервуар және басқалар);
9) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары (бұдан әрі – құрылыс материалдары) - құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген кезде қолданылатын нақты техникалық сипаттары бар материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың белгілі бір түрлерінің жиынтығы;
10) құрылыс материалдары мен жабдықтардың ірілендірілген тобы - атауы және техникалық сипаттамалары бойынша ортақ белгілерімен біріктірілген құрылыс материалдары мен жабдықтарының тобы (тізбесі);
11) құрылыс материалдарына немесе жабдықтарына арналған босатылым бағасы - құрылыс нарығының субъектілерінен, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінен, мердігер ұйымдардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан (баспа басылымдары, электрондық көздер, веб-сайттар) алынған баға ақпаратының негізінде тіркелген баға;
12) құрылыс материалы - ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын жасау, сондай-ақ құрылыс бұйымдарын жасауға арналған материал (оның ішінде дана бойынша);
13) құрылыс нарығының субъектілері - жеткізуші кәсіпорындар, өндіруші кәсіпорындар, сауда жеткізушілері;
Полная версия
ИС BestProfi