Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.12.2017
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрлігінің
 Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
 шаруашылық істері және
 жер ресурстарын басқару комитеті
 Төрағасының
 2015 жылғы 3 шілдедегі
 № 235-нқ бұйрығына
 6-қосымша
Құрылыс машиналарын, тетіктерін және автокөлік құралдарын пайдалануға арналған ресурстық сметалық нормаларды әзірлеу және сметалық бағаларды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив
Норматив күшін жойды 2017 жылғы 21 желтоқсаннан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 14.11.2017 жылғы № 249-нқ Бұйрығына сәйкес
1. Осы Құрылыс машиналарын, тетіктерін және автокөлік құралдарын пайдалануға арналған ресурстық сметалық нормаларды әзірлеу және сметалық бағаларды айқындау жөніндегі мемлекеттік норматив (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасында құрылыстың құнын анықтау үшін құрылыс машиналарының, тетіктерінің және автокөлік құралдарын пайдаланудың (бұдан әрі – машиналарды пайдалану) шығындар есебінің және сметалық құнының әдістемесін белгілейді.
2. Мемлекеттік нормативтің мақсаты мемлекеттік инвестициялардың есебінен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен тұрғызылатын объектілер үшін машиналарды пайдаланудың сметалық құнын айқындаудың бірыңғай әдістемелік негізін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Мемлекеттік норматив машиналарды пайдалануға арналған ресурстық сметалық нормаларды әзірлеуге және әзірлеуші-ұйымдардың оларды айқындаудың бірыңғай тәртібін сақтау мақсатында бағалардың ағымдағы деңгейінде олардың құнын айқындауға арналған.
Машиналарды пайдалануға арналған ресурстық сметалық нормалар құрылыстың түрлері, объектілердің түрлері және жұмыстар түрлері бойынша пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, машиналарды пайдалану үшін қажетті ресурстардың шығысының (қажеттіліктерінің) нормаларын белгілейді.
4. Машиналарды пайдалану құны машина-сағаттың өзіндік құнын құрайтын шығыстар нормалары мен ресурстардың ағымдағы бағаларын ескере отырып, шығындар калькуляциясы негізінде есептеледі.
5. Машиналарды пайдалануға арналған сметалық бағалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіппен бекітетін және қолданысқа енгізетін жинаққа жинақталады.
6. Сметалық нормалар Қазақстан Республикасының әрбір облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін машиналарды пайдаланудың ағымдағы құнының есебі үшін әзірленеді.
7. Машиналарды пайдалануға арналған сметалық нормалар құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстары және жабдықты монтаждаудың сметалық құнын айқындауға, машиналарды пайдалану ұзақтығы жұмыстарды атқару жобасы немесе құрылысты ұйымдастыру жобасы бойынша айқындалатын кезде объектідегі сметалық шығындарды анықтауға, мердігер құрылыс ұйымдары мен құрылыс механизациясы бөлімшелер арасындағы өзара есеп айырысуға арналған.
8. Машиналарды пайдалануға арналған сметалық нормалар машиналардың осы түрі үшін негізгі техникалық өлшеміне сәйкес тип мөлшері топтар бойынша олардың дифференциациясын (экскаваторлар үшін – шөмішінің сыйымдылығы, бульдозерлер үшін - қуаттылығы, крандар үшін - жүк көтергіштігі және т.б.) ескере отырып әзірленеді.
9. Машиналарды пайдалануға арналған сметалық бағалар тікелей шығындарды қамтиды, олардың құрамына пайдалану шығындарынан басқа үстеме шығындар және жөндеу және техникалық қызмет көрсетудегі жұмысшылардың еңбегін төлеудің көрсеткіштеріне есептелген сметалық пайда енгізілген.
Машинистердің еңбегіне ақы төлеу көрсеткіштеріне есептелген құрылыс механизациясы бөлімшелерінің үстеме шығындары осы бұйрықпен бекітілген құрылыстағы үстеме шығындардың шамасын айқындау бойынша мемлекеттік нормативке сәйкес қосымша есептеледі.
Сметалық пайда сондай-ақ, құрылыстың сметалық құнын айқындау кезінде қосымша есептеледі және Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау әдістемесіне сәйкес ескеріледі.
10. Құрылыс машиналарын пайдалануға арналған сметалық нормалардың нормативтік көрсеткіштері машиналарды пайдаланудың орташа ауысымды уақыттың 1 машина сағат есебімен есептеледі, ол мыналарды қамтиды:
машиналардың технологиялық операцияларды орындауға қатысу уақыты, оның ішінде, автокөлік құралдары үшін - олардың механизация (гараж) базасынан бірінші тиеу пунктіне және соңғы түсіру пунктінен кері механизация базасына;
тез тозатын бөліктерді, кесетін саймандарды және ауысымдық жұмыс жарақтандырылуын ауыстыру уақыты;
құрылыс алаңы шегінде машиналардың жұмыс фронты бойынша орнын ауыстыру уақыты;
құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаған кезінде машиналар жұмысындағы технологиялық үзілістер уақыты;
Полная версия
ИС BestProfi