Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі
Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V
Құжат мәтініндегі «толмағандарды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған», «толмағанды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған», «және девиантты мінез-құлықты балаларға арналған», «толмағанның девиантты мінез-құлықты балаларға арналған» сөздері «толмағандарды», «толмаған адамды», «және», «толмаған адамның» сөздерімен ауыстырылды;
«ерекше режимде ұстайтын ұйымдарға», «ерекше режимде ұстайтын ұйымға», «ерекше режимде ұстайтын арнаулы ұйымға», «ерекше режимде ұстайтын ұйымда» сөздері «ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына», «ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына», «ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына», «ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында» сөздерімен ауыстырылды ҚР 01.04.2019 жылғы № 240-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «талап қоюды (арыз)», «Талап қою (арыз)», «талап қою арызы (арыз)», «талап қою арызын», «талап арызды», «талап қоюды (арызды)», «талап қоюдан (арыздан)», «талап қою арызына», «талап арыз», «талап қою арызы», «Талап қою арызының», «Талап қою арызы», «талап арызда», «Талап арызға», «Талап қою арызына», «талап қою арызының», «талап арызға», «Талап қою арызын», «Талап арызды», «талап қою арызында», «талап арыздың», «талап қою арызымен», «анықталса, арызды қараусыз қалдырады», «Талап қою арызын қарау үшін», «Талап қою арыздарын», «талап қою арыздарын» деген сөздер тиісінше «талап қоюды», «Талап қою», «талап қою», «талап қоюды», «талап қоюды», «талап қоюды», «талап қоюдан», «талап қоюға», «талап қою», «талап қою», «Талап қоюдың», «Талап қою», «талап қоюда», «Талап қоюға», «Талап қоюға», «талап қоюдың», «талап қоюға», «Талап қоюды», «Талап қоюды», «талап қоюда», «талап қоюдың», «талап қоюмен», «анықталса, талап қоюды қараусыз қалдырады», «Өтінішті қараусыз», «Талап қоюларды», «талап қоюларды» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 20.12.2021 жылғы № 84-VII Заңына сәйкес (15.11.20211 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 21.11.2024 № 136-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2025 ж., 01.07.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген осы Кодексте айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.
1-бөлік жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.03.2023 жылғы № 216-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.
2-бөлік өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157- VII ҚРЗ Заңымен (12.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
3. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.
4. Сот «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі істерді қарау тәртібін «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, осы Кодексте көзделген жалпы қағидалар бойынша жүзеге асырады.
1-бап 4-бөлікпен толықтырылды ҚР 12.07.2023 жылғы № 23-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда, Конституцияның ережелері қолданылады.
2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдардың нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартты қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады.
1. Азаматтық сот ісін жүргізу процестік әрекетті орындау немесе процестік шешімді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген азаматтық процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларға тиесілі құқықтың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық процестік заңның кері күші болмайды.
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.06.2020 жылғы № 342-VI Заңына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап өзгертілді ҚР 29.06.2020 жылғы № 351-VI Заңымен (20.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.03.2023 жылғы № 216-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда заңдылықты сақтау, істің толық, уақтылы, әділ қаралуын және шешілуін қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.