Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрі
 міндетін атқарушының
 2015 жылғы 30 сәуірдегі
 № 18-03/390 бұйрығына
 7 қосымша
 «Әкімшілік органның Жабайы флора мен фаунаның құрып кету  қаупi төнген түрлерiнің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.06.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Әкімшілік органның Жабайы флора мен фаунаның құрып кету қаупi төнген түрлерiнің халықаралық саудасы туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағында әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.
4-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 110 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
5-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат.
6-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру күні мен орнының белгіленгені туралы хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) ақылы негізде көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдік, жануар және бекіре тұқымдас балық түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж алынады және ол 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, сондай-ақ портал арқылы ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 110 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
9-тармақ жаңа редакцяда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.04.2019 жылғы № 166 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi