1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 26 маусымдағы № 727 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 1183 Бұйрығымен (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.05.2020 жылғы № 214/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.10.2020 жылғы № 383/НҚ Бұйрығымен (26.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.10.2020 жылдан бастап) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.12.2023 жылғы № 595/НҚ Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттерін құруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе бағдарламалық-аппараттық кешен;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Е-қызмет» жүйесі) – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің бірінші кезектегі міндеттерін шешуге, сондай-ақ персоналды басқару процестерін дамыту мен жетілдіруге арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
4) жұмыс станциясы – қолданбалы міндеттерді шешуге арналған жергілікті желі құрамындағы стационарлық компьютер;
5) кері қайтарып алынған тіркеу куәлігі – қолданысы осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тоқтатылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы берген тіркеу куәлігі;
6) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – ҚТКТ) – әрекеті тоқтатылған тіркеу куәліктері, олардың сериялық нөмірлері, қайтарылған күні (жою) және себебі туралы мәліметтерді қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
7) кілтті ақпаратты жеткізгіш – онда сақталатын электрондық цифрлық қолтаңба жабық кілттерін қорғау үшін ҚР СТ 1073-2007 (3-деңгей) «Ақпаратты криптографикалық қорғау құралы. Жалпы техникалық талаптар» стандарты талаптарына сәйкестік сертификаты бар, АКҚҚ пайдаланылатын арнайы жеткізгіш;
8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы (бұдан әрі – МО КО) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;
9) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
10) МО КО онлайн өтінім беру сервисі – МО КО желісінде МО БКО пайдаланушыларының тіркеу куәліктерін шығаруға және кері қайтарып алуға онлайн режимінде өтінімдерді қалыптастыруға арналған сервис;
11) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен олардың аумақтық бөлімшелері;
12) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін электрондық құжат;
13) тіркеу куәлігінің иесі (бұдан әрі – пайдаланушы) – атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес жабық кілтті заңды түрде иеленуші электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысы;
14) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу;
Полная версия