Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің м. а.
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ 727 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 09.12.2015 жылғы № 1183 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.05.2020 жылғы № 214/НҚ Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.10.2020 жылғы № 383/НҚ Бұйрығымен (26.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.10.2020 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 27.02.2024 жылғы № 92/НҚ Бұйрығымен (01.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.12.2023 жылғы № 595/НҚ Бұйрығына сәйкес (13.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 30.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына (бұдан әрі – Заң), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 1) тармақшасына сәйкес сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, шифрлау кілттерін құруды, қалыптастыруды, бөлуді немесе басқаруды іске асыратын бағдарламалық қамтылым немесе бағдарламалық-аппараттық кешен;
3) биометриялық сәйкестендіру – адамның жеке басын оның бірегей биометриялық параметрлері негізінде анықтау процедурасы;
4) бұлтты электрондық цифрлық қолтаңба – куәландырушы орталықтың HSM-де пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасының жабық кілттерін жасауға, пайдалануға және сақтауға мүмкіндік беретін куәландырушы орталықтың ақпараттық жүйесі, мұнда жеке кілтке қол жеткізуді пайдаланушы кемінде екі, олардың бірі биометриялық аутентификация факторы арқылы жүзеге асырады;
5) бірлескен кәсіпкерлік – өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік базасында, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодекстің 32-бабына сәйкес мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы.
6) есептеу техникасы құралдары – дербес немесе басқа жүйелер құрамында жұмыс істеуге қабілетті деректерді өңдеу жүйелерінің бағдарламалық және техникалық элементтерінің жиынтығы;
7) интернет-ресурс pki.gov.kz (бұдан әрі – портал) – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы тіркеу куәліктерін шығаруға өтініштерді қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы куәландырушы орталығының интернет-ресурсы;
8) кері қайтарып алынған тіркеу куәлігі – қолданылуы осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тоқтатылған ұлттық куәландырушы орталық берген тіркеу куәлігі;
9) кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – АЖҚС) – күші тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді, олардың сериялық нөмірлерін, кері қайтарып алу (жою) күні мен себебін қамтитын тіркеу куәліктері тіркелімінің бір бөлігі;
10) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;
11) қашықтан сәйкестендіру – мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген биометриялық сәйкестендіру, сондай-ақ берілген бір реттік пароль негізінде жеке басын анықтау рәсімі;
12) объектілік сәйкестендіргіш (бұдан әрі – OID) – ақпараттық жүйе объектісімен байланысты және оны объектілердің әлемдік мекенжай кеңістігінде бір мәнді сәйкестендіретін цифрлардың бірегей жиынтығы;
13) түйінді ақпаратты тасымалдаушы – электрондық цифрлық қолтаңбаның сақталатын жабық кілттерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкес 1073-2007 «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» (2-деңгей) сертификаты бар АКҚҚ пайдаланылатын арнайы тасымалдаушы;
14) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін электрондық құжат;
Полная версия
ИС BestProfi