Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2017
"Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 396 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 тамызда № 11888 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Әділет министрінің 27.03.2017 жылғы № 305 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10305 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 ақпанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сараптамасы объектілерін пайдалану ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес келесі редакцияда баяндалсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасы
                                            Әділет министрінің
                                        2015 жылғы 26 қаңтардағы
                                              № 50 бұйрығымен
                                                 бекітілген
Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын
1.1. Осы Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 27-бабына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органдары қызметкерлерінің, сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамдардың және сот сараптамасын бір реттік тәртіпте жүргізетін басқа да адамдардың сот сараптамасы объектілерін ұсынудың, қабылдаудың, есепке алудың, сақтаудың және кері қайтарудың тәртібін белгілейді.
1.2. Сот сараптамасы объектілері болып, заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикасының күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының мәніне жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізілетін істердің материалдарында қамтылған мәліметтер (бұдан әрі - Сот сараптамасы объектілері) жатады.
2. Сот сараптамасы объектілерін қабылдаудың тәртібі
2.1. Сот сараптамасы объектілері сот сараптамасы органына немесе сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адамға тікелей сот сараптамасын тағайындайтын адам, не оның уәкілетті өкілі поштамен, арнайы байланыс арқылы жолдайды.
Пошта арқылы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдарды, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарын, жеңіл тұтанатын және жанғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қатты әсер ететін, уытты және улы заттарды, радиоактивті заттар мен ядролық материалдарды, қымбат бұйымдар, құнды қағаздар, шығу тегі биологиялық үлгілерді олардың табиғи күйінде жіберуге жол берілмейді.
2.2. Сот сараптамасы объектілері олардың зақымдануы, ауысып кетуі, өзгеруі мүмкіндігін болдырмайтын және істер мен материалдар бойынша объект мағынасын беріп отырған белгілері мен қасиеттерінің, сонымен қатар ондағы іздердің сақталуын қамтамасыз ететін орауышқа салынады.
Сот сараптамасы объектілерін тасымалдау кезінде олар өз қасиеттері мен пішіндерін жоғалтпайтындай етіп орау қажет, сондай-ақ оларды бұрмалау мүмкіндігін болдырмау керек.
Полная версия
ИС BestProfi