Близость слов: Окончание:





Қоғамдық кеңестер туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңы
Редакция 04.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесін, оларды қалыптастыру тәртібін және халық алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) шешімдер қабылдауына коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2021 жылғы № 406-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қоғамдық кеңестердің құқықтық мәртебесі
1. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар қоғамдық кеңестер болып табылады.
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2021 жылғы № 406-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңымен (01.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.
1-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңымен (02.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақтың екінші бөлігі өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік органдардың жанынан осы Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқау органдары және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.
3. Қоғамдық кеңестер осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда көзделген тәртіппен қалыптастырылады
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2021 жылғы № 406-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады. Қоғамдық кеңестер автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Қоғамдық кеңестердің республикалық деңгейіне, осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері құратын қоғамдық кеңестер жатады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес (27.02.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2021 жылғы № 406-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңестің функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.
7. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
8. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы үшін міндетті болып табылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2021 жылғы № 406-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Тиісті өңірдегі, саладағы, қызмет аясындағы әлеуметтік-экономикалық даму және істердің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді және мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде болады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.01.2021 жылғы № 406-VI Заңына сәйкес (02.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Осы Заңда көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы өкілдері не Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті шегінде қоғамдық кеңестердің отырыстарына қатыса алады.
1-бап 10-тармақпен толықтырылды ҚР 29.12.2021 жылғы № 91-VII Заңына сәйкес (өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қоғамдық кеңестер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-1-бап. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 03.01.2021 жылғы № 406-VI Заңына сәйкес (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi