Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы
 Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
 жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
 (қаржы полициясы) Төрағасының
 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171
 бұйрығына 4-қосымша
 Қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі нұсқаулық
Осы Нұсқаулық күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес 
1. Қаржы полициясы органдарында арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеу мәселелері жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 22 -28-бабында көзделген ережелерді іске асыру мақсатында әзірленген және алғашқы, кезекті және кезектен тыс арнаулы атақтар беру үшін материалдарды ресімдеуін нақтылайды.
2. Алғашқы және кезекті арнаулы атақтар беруге ұсыныстар осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысандағы бланкіде ресімделеді.
Осы бланкілерде кезекті арнаулы атақтарды мерзімінен бұрын беруге, атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атақтан бір саты жоғары атақ беруге және арнаулы атағын төмендетуге (қалпына келтіруге) ұсыныстар ресімделеді.
3. Арнаулы атақтарды беруге ұсыныстардың бланкілерін толтыру кезінде қосымша мыналарды ескеру қажет:
1) қызметкер ұсынылып отырған арнаулы атақ туралы бөлімде осы атақтың атауы қысқартусыз, толық көрсетіледі;
2) лауазымы оның штат атауына қатаң сәйкестікте және қысқартусыз көрсетіледі;
3) жеке нөмір беру туралы бөлім офицерлік атағы жоқ немесе орта және аға басшы құрамның арнаулы атағы жоқ адамдарды орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атағын беруге ұсынған жағдайда толтырылады;
4) білімі туралы бөлімде атақ беруге ұсынылып отырған адамның білімі (орта, арнайы орта немесе жоғары, жоғары оқу орнынан кейін), сондай-ақ қай жылы қандай оқу орнын бітіргені көрсетіледі. Мысалы: «орта – 2001 жылы Новоишимка орта мектебін бітірген»; «арнаулы орта – 2002 жылы Талдықорған заң колледжін бітірген»; «жоғары – 2006 жылы Қарағанды заң институтын бітірген». Егер атаққа ұсынылып отырған адам бірнеше жоғары оқу орындарын бітірсе (мысалы, орта мектеп, колледж және ЖОО), онда білімі деген бөлімде тек оқу орнының деңгейі бойынша (осы мысалда ЖОО) жоғары білімі көрсетіледі. Деңгейі бойынша екі бірдей оқу орнын (мысалы екі ЖОО) бітірген жағдайда, оқу орындарының екеуі де көрсетіледі. Осы бөлімде ғылыми, академиялық дәрежесінің және ғылыми атағының бар-жоғы, сондай-ақ ведомстволық және әскери оқу орнын бітіргені туралы жазба жазылады.
Егер атаққа ұсынылатын адам оқу орнында оқитын болса, білімі туралы бөлімде арнаулы орта немесе жоғары оқу орнының қай курсында, қандай факультетінде оқитындығы туралы жазылады, ұсынысқа оқу орнының анықтамасы қоса беріледі.
5) «Ие болған атағы» деген бөлімде берілген арнаулы атағы, ал орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атағын беруге ұсынылған кезде - офицерлік атағы көрсетіледі. Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атағын беруге ұсынылған кезде «Арнаулы атақ беруге» деген бөлімде «Кімге» деген сөзден кейін және «Ие болған атағы» деген бөлімде қатардағы және кіші басшы құрамның арнаулы атақтары және қатардағы, сержанттық, старшиналық құрамның әскери атақтары көрсетілмейді. Атақ болмағанда «Ие болған атағы» деген бөлімде «берілмеген» деп жазылады.
6) әскери есептен шығару, әскери қызметке жарамдылығы және арнайы алғашқы оқудан өткені туралы бөлімдер басшы құрамның алғашқы атағын беруге және ҚПО кадрларына қабылдауға ұсыну кезінде ғана толтырылады.
7) «Қысқаша сипаттама» деген бөлімде атаққа ұсынылатын адамның іскерлік және моральдық қасиеттері, өз міндеттеріне қатынасы, қызметтік істі жетілдіруі және қол жеткізген нақты нәтижелері, арнаулы атақты беруге қажетті басқа да деректер сипатталады.
Басшы құрамның алғашқы арнаулы атағына ұсынылғанда, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан (қызметінен) қалай мінезделетіні және міндетті түрде тәртіптік жазаларының жоқ екені көрсетіледі.
Кезекті арнаулы атақты мерзімінен бұрын беруге немесе атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары атақ беруге ұсынылғанда қызметкердің атақ беруде нақты қандай еңбек сіңіргені немесе жұмыста қандай көрсеткіштерге жеткені, сондай-ақ мерзімінен бұрын немесе бір саты жоғары атақ бұрын берілмегендігі міндетті түрде көрсетілуі тиіс, бұл ретте бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Кезекті арнаулы атақ беруге байланысты даулы мәселелер туындаған кезде әрбір жағдай бойынша шешімді аттестаттау комиссиясы шығарады.
Қысқаша мінездемеге, әдетте, арнаулы атақ беруге ұсынылатын қызметкердің тікелей бастығы қол қояды.
8) «Жоғары бастықтардың қорытындысы» деген бөлімде ұсынылатын адамның басшы құрамның арнаулы атағын беруге лайықтығы туралы қорытындылар көрсетіледі.
Тұлғаларды арнаулы атақтар беруге ұсынатын, сондай-ақ келіп түскен ұсыныстар бойынша қорытынды беретін бастықтар тиісті қызметтер басшыларының пікірлерін ескереді;
9) ұсыныстарға тек ұсыныс бланкісінің тиісті бөлімдерін толтыру кезінде лауазымдары көрсетілген бастықтар ғана қол қояды;
10) «Қарулы Күштердегі, әскери құрылымдардағы, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі» деген бөлім жеке істің қызметтер тізімінің тиісті бөлімін толтыру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес кезекті атақтар беру кезінде толтырылады.
4. Басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру туралы ұсыныстар өзінде бар атағындағы мерзімі өткенге дейін 15 күннен кешіктірілмей, ҚПО кадр бөлімшесіне жолданады.
5. Арнаулы атақтағы еңбек сіңіру мерзімі күнтізбелік есеппен анықталады.
Атақ беру Агенттік Төрағасының құзыретіне кіретін басшы құрамның алғашқы және кезекті арнаулы атақтарын беруге ұсыныстар арнаулы атақта еңбек сіңіру мерзімі өтіп кетпейтіндей есеппен әр айдың оны күніне қарай Агенттіктің кадр бөлімшесіне жолданады.
Қаржы полициясы органдарында 
 арнаулы атақтар беру үшін 
 материалдарды ресімдеу мәселелері
 жөніндегі нұсқаулыққа қосымша
Лауазымы бойынша арнаулы атағы
 ______________________________
 ҚР ЭСЖКА 20 __ жылғы «__»   
 №______ бұйрығымен бекітілген
кімге _______________________________________________________________
 _____________________________________________________________________
        (атағы, тегі, аты, әкесінің аты, жеке нөмірі)
 ___________________________________________жеке нөмірі беріле отырып,
 _______________________________________________ арнаулы атағын беруге
Туған күні, айы, жылы _______________________________________________
 Білімі (жалпы, арнаулы, жоғары, әскери) _____________________________
 _____________________________________________________________________
                (қашан және қандай оқу орнын бітірген)
 _____________________________________________________________________
 Ие болған атағы _____________________________________________________
 (қандай, жаңадан қабылданушылар үшін запас бойынша офицерлік атағы көрсетіледі)
 ______________ _______жылғы «___»___№ _________ бұйрығымен берілген.
 Әскери есептен 20 ____ жылғы «__» ______________ шығарылған. *
 ӘДК 20 ____ жылғы «___» ______________ қорытындысы бойынша * әскери қызметке
 _____________________________________________________________________
       (әскери-дәрігерлік комиссияның тұжырымдамасы көрсетіледі)
 ______________________________________________________ деп танылған.
Бастапқы дайындықтан *_______________________________________________
 ______________________________________________________________ өтті.
ҚК-дегі, арнайы және құқық қорғау органдарындағы қызметі
Қай айдан және жылдан бастап Қай айға және жылға дейін Лауазымдардың, бөлімдердің, құрамалардың, органдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы
     
       Егер ұсыныста құпия сипаттағы мәліметтер қамтылса, оған құпиялылық белгісі беріледі.
       *Бірінші арнаулы атақтар беру, ҚПО кадрларына қабылдау кезінде толтырылады.
Полная версия
ИС BestProfi