1. Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану туралы осы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының (бұдан әрі – ҚПО) қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану тәртібін анықтайды.
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2021
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2014 жылғы 12 мамырдағы № 171 бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне көтермелеулер қолдану қағидалары
Осы Қағидалар күшін жойды 2021 жылғы 23 сәуірден бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 17.02.2021 жылғы № 63 Бұйрығына сәйкес
2. Мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және жедел-қызметтік іс-әрекетіндегі оң нәтижелері үшін қызметкерлерге «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабымен көзделген көтермелеулерді қоспағанда, көтермелеулердің келесі түрлері қолданады:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының алғыс хатымен марапаттау;
2) атқарып отырған штаттық лауазымы көзделген тыс кезекті арнаулы атақ немесе бір саты жоғары атақ беру;
3) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу.
3. Көтермелеудің түрін айқындау кезінде қызметкердің сіңірген еңбегінің сипаты немесе ерекшелігі, сондай-ақ оның қызметіне деген бұрынғы қатынасы ескеріледі. Көтермелеулер қызметтік жұмыстың жоғары бағасы, қызметкерлерді тәрбиелеудің және қызметтік тәртіпті нығайтудың пәрменді құралы болып табылады. Уәкілетті бастық оған берілген құқықтарының шегінде қарамағындағы қызметкерлерді қызмет бойынша табыстары, ынтасы мен үздік қызметі үшін көтермелеуге міндетті. Оған берілген құқықтар жеткіліксіз болған жағдайда, басшы құқық қорғау органы басшысының алдында ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы өтініш білдіруге міндетті.
4. Көтермелеу бұйрықтармен жарияланады. Көтермеленгені туралы қызметкердің жеке өзіне саптың алдында немесе мәжілістерде жарияланады.
5. Көтермелеулерді есепке алуды қаржы полициясы органының кадр бөлімшесі жүргізеді.
6. Бұйрықтармен жарияланған барлық көтермелеулер қызметкердің жеке ісіне енгізіледі.
7. Қызметкерлерді көтермелеу туралы бұйрықтардың түпнұсқалық (бірінші) даналары осы бұйрықтарды шығарған қаржы полициясы органдарында сақталады.
Бұйрықтардың одан кейінгі даналары немесе олардан үзінділер қызметкерлердің дербес және штаттық-лауазымдық есебін жүргізетін кадр бөлімшелеріне, бұйрықта көрсетілген бөлімшелерге және қызмет орны бойынша қаржы полициясы органдарына жіберіледі.
Полная версия

