Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2017
"Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 844 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 25.01.2017 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын және Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарын бекіту және«Халықты жұмыспен қамту туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 23, 323-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің қағидалары мен шарттарында:
«1) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы  шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатын;»;
«11. Осы Қағидалардың 10, 16, 34, 36, 41, 45 және 49-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде берiлмеген және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған жағдайда уәкiлеттi орган олар түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде рұқсатты беруден, оның мерзімін ұзартудан бас тартады және берілмеген құжаттарды және (немесе) белгіленген нысан бойынша толтырылмаған құжаттарды көрсете отырып, құжаттарды жұмыс берушiге қайтарады.»;
16-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;
1) тармақшаның үшінші абзацындағы «болып табылатын адамдарға;» деген сөздер «болып табылатын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға;»;
«технологиялық жабдықты іске қосу, баптау және монтаждау бойынша жұмыстарды орындайтын мердігерлерді қоса алғанда, 2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруға қатысатын;»;
«23. Комиссияның құрамына міндетті түрде ішкі істер органдарының, білім беру саласындағы органның және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның өкілдері енгізіледі.»;
«29. Уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, жұмыс берушінің рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге іссапарға жіберуін қоспағанда, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады.
Шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберген кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерлердің тіркелген жеріндегі және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына келген жеріндегі ішкі істер органдарын жазбаша түрде хабардар етеді.»;
«4) осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген;»;
«49. Шетелдік қызметкер не ол уәкілеттік берген адам жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алу немесе ұзарту үшін еңбек қызметін жүзеге асыратын жеріндегі уәкілетті органға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өтініш береді.»;
56-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) шетелдік қызметкердің білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (өтілі) Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің біліктілік анықтамалығына сәйкес жұмысшылардың кәсіптеріне және басшылардың, мамандар мен қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда берілмейді.»;
«61. Кепілдік жарнаны енгізу еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
«63. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында осы Қағидаларды бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғалардың тізбесін орналастырады.
Уәкілетті органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей еңбек жөніндегі уәкілетті органға көрсетілген заңды және жеке тұлғалардың тізбесін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында орналастыру үшін жібереді.»;
«65. Шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда, бұрын берілген жұмысқа орналасуға және шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты қайта ресімдеуге рұқсат етіледі.
Шетелдік қызметкер немесе жұмыс беруші шетелдік қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, рұқсатты қайта ресімдейді.»;
«67. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттар алған жұмыс берушілер немесе жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алған шетелдік қызметкерлер жұмыс iстейтiн жұмыс берушілер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде уәкілетті органға ведомстволық статистикалық есептілікті ұсынады;
2) шетелдік қызметкерлермен жасалатын еңбек шарттарында Қазақстан Республикасының көші-қон және еңбек заңнамасын сақтауға бағытталған талаптарды енгізеді.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1-1, 25-1 және 31-жолдармен толықтырылсын:

1-1.

Деректер қорының (ақпараттық) әкімшісі

31.

Цифрлық техниканы жасау жөніндегі маман

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов 
Полная версия
ИС BestProfi