Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V Заңы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 139-ө Өкімін қараңыз Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бұзушылықтар – Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған мемлекеттік аудит объектілерінің актілеріне қайшы келетін іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
1-тармақша өзгертілді ҚР 11.01.2018 жылғы № 135-VІ Заңымен (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2018 жылы № 9 (28638) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) бұзушылықтар сыныптауышы – құқықтың бұзылған нормалары және оларға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық түрлерi көрсетiле отырып, мемлекеттік аудит барысында анықталатын бұзушылық түрлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ осы бұзушылықтарды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;
2-тармақша өзгертілді ҚР 11.01.2018 жылғы № 135-VІ Заңымен (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2018 жылы № 9 (28638) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
4) кемшіліктер – бұзушылықтарға жол беру мүмкіндігіне жағдайлар (бұзушылықтардың туындау тәуекелін) жасайтын іс-әрекеттер (әрекеттер немесе әрекетсіздік);
5) қаржылық бақылау – мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған қызмет;
6) мемлекеттік аудит – тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген, бюджеттік қаражатты, мемлекет, мемлекеттік аудит объектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты басқа қызметпен тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру;
6-тармақша өзгертілді ҚР 11.01.2018 жылғы № 135-VІ Заңымен (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2018 жылы № 9 (28638) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектілері) – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар;
8) мемлекеттік аудитор – мемлекеттік аудитті және (немесе) қаржылық бақылауды жүзеге асыратын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар мемлекеттік қызметші;
8-тармақша осы Заңның 62 бабына 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 8-тармақша 01.01.2017 жылға дейін тоқтатыла тұрды осы Заңның 62-бабының 2 тармағынa сәйкес, тоқтатылу кезеңінде 28.11.2015 жылдан бастап 01.01.2017 жылға дейін 62-бабының 2 тармағының редакциясында әрекет етеді 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.01.2018 жылғы № 135-VІ Заңына сәйкес (12.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2018 жылы № 9 (28638) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-тармақшасының қолданысы 01.01.2020 жылдан 01.01.2022 жылға дейін ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес тоқтатыла тұрды, тоқтатылу кезеңінде 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылды 8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
8-1) мемлекеттік аудитордың ассистенті – мемлекеттік аудитке қатысуға құқығы бар, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудиторлық қызмет саласында кәсіптік білімі бар мемлекеттік қызметші және мемлекеттік органның құзыреті шегінде өзге саладағы (қызмет аясындағы) маман;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.01.2018 жылғы № 135-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.01.2018 жылы № 9 (28638) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 8-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 8-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2020 жылғы № 358-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.07.2021 жылдан бастап) 8-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
9) мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары (бұдан әрі – Кәсіби әдеп қағидалары) – Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік аудиторлардың мінез-құлқының әдеп қағидаларының бірыңғай жиынтығы;
9-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) электрондық мемлекеттік аудит – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын мемлекеттік аудит.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасының күші Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, сондай-ақ оның шегінен тыс жерде әрекет ететін мемлекеттік аудит объектілеріне қолданылады.
Полная версия