Близость слов: Окончание:





Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.11.2016 жылғы № 652 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2016 жылы № 216 (28944) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 22.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.11.2016 жылғы № 652 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2016 жылы № 216 (28944) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.02.2020 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес (02.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 78-құжат);
2) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 57, 783-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi