«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің 26.09.2017 жылғы № 650 Бұйрығымен (29.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.04.2018 жылғы № 236 Бұйрығына сәйкес (26.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес
1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (12.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы www.elicense.kz, (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама), кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы (бұдан әрі – анықтаманың телнұсқасы) немесе осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз стандарттың 9-тармағына сәйкес электрондық өтінімді ұсыну болып табылады.
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесі қызметкерінің тіркеу нөмірін және күнін беру арқылы 2 сағат ішінде электрондық өтінімді тіркеуі және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беруі;
3) құрылымдық бөлімше басшысының көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын (бұдан әрі – жауапты орындаушы) анықтауы – 2 сағат ішінде;
3) анықтамаға немесе анықтаманың телнұсқасына немесе бас тартуға көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоюы;
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңесінің қызметкері құжаттар келіп түскен сәттен бастап 2 сағат ішінде электрондық өтінімді тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына қарауға береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық түрдегі өтінімін қарайды және оларды жауапты орындаушыға береді;
4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін 2 сағат ішінде қарайды, олардың нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді, анықтама телнұсқасын берген жағдайда жауапты орындаушы электрондық өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің басшысынан құжаттар келіп түскен кезден бастап қарайды және анықтаманың телнұсқасын ресімдейді;
5) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін 9 жұмыс күні ішінде қарастырып болғаннан кейін көрсетілетін қызмет алушыға аттестаттаудың өту орны мен уақыты туралы хабарламаны, «жеке кабинетіне» жолдайды:
7) хабарламада белгіленген мерзімде жауапты орындаушы 1 жұмыс күні ішінде емтихан өткізуді ұйымдастырады, яғни аттестаттауға жататын адаммен кеменің командалық құрамының білім деңгейін анықтау үшін әңгімелесу;
8) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушы аттестау бойынша емтихан тапсырғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде анықтаманы ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары 1 жұмыс күні ішінде анықтамаға немесе анықтаманың телнұсқасына не бас тартуға өз ЭЦҚ-мен қол қояды.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш жасау тәртібін және рәсімдері (іс-қимылдары) дәйектілігін сипаттау осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының портал арқылы № 1, 2 диаграммаларында көрсетілген:
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының анықтаманы алу үшін (деректерді енгізу) электрондық өтінімнің нысанын толтыруы;
2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды электрондық үкіметінің шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) жіберу;
3-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің жоқтығына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауына байланысты сұрау салынып отырған қызметті көрсетуден бас тарту;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушыға көрсетiлетін қызметті берушіге беру үшін оның электрондық пошта мекенжайына бірегей нөмірі көрсетілген өтініш келіп түседі;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарымен бірге бірегей нөмірі қоса берілген өтінішті көрсетiлетін қызметті берушіге жібереді;
2-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетiлетін қызметті алушының жеке басын тексеруі (сәйкестендіруі) және өтінішті стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексеруі;
8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өзінің ЭЦҚ-мен куәландыру арқылы көрсетiлетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын растайды және оны ақпараттық жүйеге жібереді;
3-шарт – ақпараттық жүйе көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін тексеруді жүзеге асырады;
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті портал арқылы таңдауы, жеке кабинетке кіру, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, анықтаманың телнұсқасын алу үшін (деректерді енгізу) көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінім нысанын толтыруы, оған өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы;
3-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетiлетін қызметті алушы деректерінің жоқтығына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің болмауына байланысты сұрау салынып отырған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту;
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдерінің (іс-қимылдарының), көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары бірізділігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалануың сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында келтірілген.