«Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.11.2017 жылғы № 805 Бұйрығына сәйкес (15.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес
1. «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкeу туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (22.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кеменің, шағын көлемді кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тipкey туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінім беру болып табылады.
2) көрсетілетін қызметті алушының өтінімін көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауы және 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының қарауына беруі;
3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орынбасарының қарауы және 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына беруі;
4) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысының қарауы және 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің маманына орындауға (бұдан әрі – жауапты орындаушы) беруі;
5) жауапты орындаушының өтініш түскен күннен бастап 4 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарауы және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі;
6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі мынадай рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінділерді немесе көшірмелерді ресімдеу және оны растау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінділерді немесе көшірмелерді көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі басшысымен келісу;
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетінқызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) орындау ұзақтығын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсетумен көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) дәйектігін сипаттау:
1) кеңсе маманы тіркеу нөмірі мен күнін белгілей отырып, құжаттарды тіркейді, одан кейін 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысына не орынбасарына береді;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары құжаттарды 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына береді;
5) жауапты орындаушы өтінім тіркелген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені ресімдейді және оны растау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 сағат ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені растайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 4 сағат ішінде Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзіндіні немесе көшірмені курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға береді.
4-тарау. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау
3) көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттікті растайтын құжат бойынша заңды тұлға, нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың тізбесі.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілетін қыметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация операторы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) деректерді көрсетілетін қызметті алушының құжаттар түпнұсқаларымен салыстырады және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгесі көзделмесе, Мемлекеттік корпорация операторы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация операторы көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды алғаны туралы қолхатты береді.
көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхатта көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары реттілігін толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттың жүйелерді пайдаланудың сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Кеменің, шағын көлемді кеменің
немесе жасалып жатқан кеменің
ипотекасын мемлекеттік тipкeу туралы
ақпарат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша