1. «Табиғатты қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 тамыздағы № 18-02/739 бұйрығына 5-қосымша
«Табиғатты қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жазбаша рұқсат.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. «Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағымемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11662 болып тіркелген) (бұдан әрі – стандарт) «Табиғатты қорғау мекемелерінің учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттары қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығына қарауға беруі (30 минут);
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысуы және бұрыштама қоюы (15 (он бес) жұмыс күні ішінде). Құжатты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) беруі;
орындаушының 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын, сондай-ақ Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарайды;
ұсынылған құжаттар толық және дұрыс болған жағдайда, тиісті шешім дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы (1 (бір) жұмыс күні ішінде).
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;
2) құжатқа бұрыштама қойылуы және жауапты орындаушыға берілуі;
Полная версия