Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2017
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 6 мамырдағы
 № 4-3/421 бұйрығына
 2-қосымша
«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2017 жылғы 4 сәуірден бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.02.2017 жылғы № 56 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 жылғы № 337 Бұйрығына сәйкес
1. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 1 (бір) жұмыс күні. 
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көлік басқаруға арналған сенімхатқа мөртабан қою;
порталға жүгінген кезде – сенімхат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған (бұдан әрі – ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi