Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 21 шілдедегі
 № 18-03/680 бұйрығына
 2-қосымша
«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес 
1. Мемлекеттік қызметті аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы. 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 болып тіркелген) бекітілген «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінішінің болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына енетін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз жеткізгіште келіп түскен өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысып, қарар қоюы. Көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжатты қарауға беруі;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының жауапты жұмыскерді (орындаушы) таңдауы;
аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға лимиттерді жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ұсынылған құжаттарды, стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толықтығын қарау;
уәкілетті орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға лимиттерді бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды, стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толықтығын қарау;
ұсынылған құжаттар толық және шынайы болған жағдайда:
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижелері:
Полная версия
ИС BestProfi