1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетеді (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 11286 тіркелген).
Внимание! Документ утратил силу с 12.06.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 376 бұйрығына 4-қосымша
«Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасуы конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 12 маусымнан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 08.06.2020 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кафедраға жолдама (бұдан әрі - жолдама).
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет корсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс- қимылдар):
1) 15 минут ішінде құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кадр басқармасының қызметкері (бұдан әрі - кадр басқармасы) қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жоғары оқу орны басшысының қолы қойылу үшін жолданады;
2) жоғары оқу орны басшысының қолы қойылғаннан кейін, 2 (екі) күн ішінде сәкес кафедраға қарауға жолданады.
Полная версия