1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелді) бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдау «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің паспорттық елтаңбалы мөрімен және қолымен куәландырылған уақытша жеке куәлік беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қоса беріліп отырған құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушыдан алынған өтініштің болуы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік ішкі істер органдары басқармасының (бөлімі) көші-қон қызметі бөлімнің (бөлімше, топ) (бұдан әрі – КҚҚб) қызметкері қатысады – ол көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды береді және Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдейді, Мемлекеттік корпорация қызметкері – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды береді.
6-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлерінің іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін процестің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, олардың орындалу ұзақтығы мен реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорацияда жұмыс орындарында жүзеге асырылады, онда КҚҚб қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімінде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3-тарау. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы) КҚҚБ қызметкері қатысады – ол Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдейді және Мемлекеттік корпорация қызметкері құжатты береді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ХҚКО-мен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
12. Қажетті ақпаратты және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңесті мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны: (1414), 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы
|
Негізгі процестің қимылы (жұмыстың барысы, ағыны) |
|||
|
1 |
Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны) |
1 |
2 |
|
2 |
ҚФБ-ның атауы |
Мемлекеттік корпорация |
ҚАІІб |
|
3 |
Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы |
|
Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін қабылдау және тексеру, Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеу, күнін қою, лауазымын көрсету және қол қою |
|
4 |
Аяқталу нысандары (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім) |
Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру |
Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру есебін жүргізу журналында тіркеу |
|
5 |
Орындалу мерзімдері |
15 минут |
2 жұмыс күні ішінде |
Қолдану нұсқалары.
2-кесте. Негізгі процесс - Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеу
|
Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағыны) |
|
|
Мемлекеттік корпорация |
ҚАІІб |
|
Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қабылдау және тексеру |
1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар пакетін қабылдау және тексеру, Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін ресімдеу, күнін қою, лауазымын көрсету және қол қою |
|
3. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру |
2. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігін беру есебін жүргізу журналында тіркеу |
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процесінің анықтамалығы

