Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2020
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 30 мамырдағы
 № 501 бұйрығына
 4-қосымша
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.02.2016 жылғы № 183 Бұйрығына сәйкес (30.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Регламенттің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 14 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 жылғы № 267 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген) бекітілген «Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2019 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2019 жылғы № 740 Бұйрығына сәйкес (15.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды беру:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін:
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
«электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады (тұрғын үй иесінің арызы бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде);
2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
3) шетелдiктер және босқын мәртебесiн алған азаматтығы жоқ адамдар үшін көрсетілетін қызметті беруші арқылы.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған).
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізуі және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі  мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беруі болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша сот тұрғын үйдi пайдалану құқығы жойылды деп таныған адамдар үшін ұсынылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттардың көрсетілетін қызметті алушыда болуы болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне: ішкі істер органдарының қалалық, аудандық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы басқармасының (бөлімі) (бұдан әрі - КҚПб) бөлім (бөлімше, топ) қызметкері қатысады – ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жерi бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізу және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы паспорттық мөрімен және қолымен куәландырылған белгіленген үлгідегі мөртабан қоюмен қағаз түрінде мекенжайдан кету парағын беру.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау жәңе мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ХҚТ ТП жұмыс орындарындағы Мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылады, онда көрсетілетін қызметті берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады;
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің – www.mvd.gov.kz интернет-ресурсындағы «Министрлік туралы» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөліністерінің веб-ресурстары» кіші бөлімде, Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4c.kz интернет-ресурсында сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналасқан стенділерде орналастырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2018 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (26.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөліністерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимыл жасасуы дәйектілігінің нақты сипаттамасы осы Регламентке 1, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген, осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл жасасу тәртібінің сипаттамасы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет ресурсында орналастырылады.
11. Қажетті ақпаратты және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кеңесті мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны: (1414), 8 800 080 7777 бойынша алуға болады.
«Қазақстан Республикасы азаматтарын
тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әкімшілік рәсімдердің дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасудың сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірлік іс-қимылының сипаттамасы

Негізгі процестің қимылы (жұмыстың барысы, ағыны)

1

Іс-әрекет № (жұмыстың барысы, ағыны)

1

2

2

ҚФБ-ның атауы

ҚАІІб

ҚАІІб

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операциялардың) атауы және олардың сипаттамасы

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тексеруі

Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдеу

4

Аяқталу нысандары (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)


 

ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізу және елтаңбалы паспорттық мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің қолымен куәландырылған, белгіленген үлгіде мөртабан қоя отырып, мекенжайдан кету парағын қағаз түрінде беру

5

Орындалу мерзімдері

10 минут

20 минут

2 - кесте. Негізгі процесс - Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдеу.

Негізгі процесс (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚАІІб

ҚАІІб

1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру

2. Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды ресімдеу


 

3. ХҚТ ТП АЖ-ға тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы мәліметтерді енгізу және елтаңбалы паспорттық мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің таңбасымен куәландырылған, белгіленген үлгіде мөртабан қоя отырып, мекенжайдан кету парағын қағаз түрінде беру

«Қазақстан Республикасының азаматтарын
тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 28.12.2018 жылғы № 953 Бұйрығына сәйкес (26.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 15.03.2019 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процесінің анықтамалығы
Полная версия
ИС BestProfi