Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2020
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 26 маусымдағы
 № 730 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 15 қазаннан бастап ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 жылғы № 197-НҚ Бұйрығына сәйкес 
«Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 04.12.2015 жылғы № 1151 Бұйрығына сәйкес (26.06.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 16.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ««Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.06.2019 жылғы № 391 Бұйрығына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс, бірақ 01.03.2016 жылдан бұрын емес) 06.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
сертификаттың телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні;
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетуде күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе сертификаттың телнұсқасы, не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіз бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.12.2018 жылғы № 945 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Полная версия
ИС BestProfi