Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің м.а.
 2015 жылғы 31 шілдедегі
 № 647 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес 
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.07.2016 жылғы № 661 Бұйрығымен (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (29.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің максималды көлеміне, білім алушыларды даярлау деңгейіне және білім алу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) академиялық кезең – семестр нысанның бірінде өз бетінше белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқыту кезеңі;
2) академиялық сағат – кесте бойынша оқыту сабақтарының барлық түрінде оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс жұмыс уақыты;
3) бағалау критерийлері – құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес оқытудың нәтижелерін бағалау жөнінде шешім қабылдауға арналған көрсеткіштер;
4) базалық құзыреттілік – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
5) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқаруға, өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы;
6) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білім, даярлық деңгейі;
7) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жалпы талаптарды айқындайтын құжат; белгілі бір жұмыс істеуде кәсіби даярлықты талап ететін қызметкердің моделі;
8) бітіруші – медициналық және фармацевтикалық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда білім алған адам;
9) жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде оқу траекториясын таңдауға жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
10) кәсіби модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған ТжКБ білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.
11) кәсіби құзыреттілік – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
12) кредит – білім алушының (оқытушының) оқу жұмыстары көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
13) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау – білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын және оқыту кезеңіне сәйкес білімнің, іскерліктің және дағдының қалыптасуын бағалау;
Полная версия
ИС BestProfi