1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және орта білімнен кейінгі білім берудің оқыту бағдарламаларының мазмұнына, оқу жүктемесінің максималды көлеміне, білім алушыларды даярлау деңгейіне және білім алу мерзіміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.07.2016 жылғы № 661 Бұйрығымен (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (29.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) академиялық кезең – орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мынадай үш нысанның біреуінде дербес белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқу кезеңі: семестр, триместр, тоқсан.
2) академиялық сағат – оқу сабақтарының барлық түрінде кесте бойынша білім алушының оқытушымен қарым-қатынас жұмыстарының уақыты;
3) бағалау өлшемшарттары – құзіреттілікке қойылған талаптарға сәйкестікке оқу нәтижелерін бағалау бойынша шешім қабылдауға арналған көрсеткіш;
4) базалық құзырет – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
5) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқару, өзін-өзі ынталандыру мен ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толық тарауы немесе оқыту кезеңі;
6) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білімділік, даярлық деңгейі;
7) бітіруші – медициналық және фармацевтикалық білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда білім алған адам;
8) дипломдық жұмыс – орта білімнен кейінгі білім берудегі білім беру бағдарламаларының білім алушылардың игеруінің нәтижелер қорытындылау және бітіруші курста олардың орындалуын көрсететін студенттердің жеке шығармашылық жұмысы;
9) жеке оқу жоспары – білім берудің тіркелген кезеңінде, білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін және білім беру жолдарын таңдауға, оның ішінде білім беру бағдарламаларының игеру шегінде жеделдетілген оқуға академиялық құқықтарын іске асыруға ықпал ететін, білім алушының оқу жоспары;
10) кәсіби модуль – білім алушының құзіреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілетін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толық тарауы немесе оқыту кезеңі.
11) кәсіптік құзырет – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
12) кредит – білім алушының (оқытушының) оқу жұмыстары көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
13) кредиттік оқыту технологиясы – академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
14) қолданбалы бакалавриат – білім бағдарламалары «қолданбалы бакалавриат» біліктілігін тағайындаумен мамандар даярлауға бағытталған орта білімнен кейінгі білім;
Полная версия