Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау және әлеуметтік
 даму министрінің м.а.
 2015 жылғы 31 шілдедегі
 № 647 бұйрығына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес 
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.07.2016 жылғы № 661 Бұйрығымен (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (29.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес және 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленді және меншік нысанына қарамастан, оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖОО) оқу мерзіміне бағдарланып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен олардың анықтамалары қолданылады:
1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі;
2) бейіндік магистратура – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, оның білім беру бағдарламалары тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар денсаулық сақтау үшін басқару кадрларын даярлауға бағытталған;
3) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;
4) біліктілік – алған кәсібі мен мамандығы бойынша белгілі бір қызмет түрін құзыретті орындауға оқу, дайындық деңгейі;
5) біліктілікті беру – тиісті кәсіби қызмет түрі шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттердің, кәсіптік білімнің, шеберліктің және дағдылардың жиынтығын растау рәсімі;
6) дескрипторлар (descriptors (дэскрипторс)) – білім алушылардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің құзыреттіліктерде және академиялық кредиттерде қалыптасқан оқыту нәтижелеріне негізделетін тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламасын оқып аяқтауы бойынша алған білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік деңгейі мен көлемінің сипаттамасы;
7) докторант – докторантурада білім алатын адам;
8) докторантура – білім беру бағдарламалары кемінде 180 акдемиялық кредитті міндетті меңгеру арқылы тиісті бағыт бойынша философия докторы (PhD) (бейіні бойынша доктор) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;
9) докторлық диссертация – докторанттың жиынтығын жаңа ғылыми жетістік ретінде тануға болатын теориялық ережелер әзірленген немесе ғылыми проблемасы шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми негізделген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер баяндалған дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмысы;
10 ) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – білім алушының білім беру бағдарламасының және элективті пәндер каталогының негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына жеке жасайтын оқу жоспары;
11) жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі;
12) кәсіби құзыреттер – маманның кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке басының қасиеттері негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеті;
13) клиникалық базалар – медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық бөлімшелері (клиникалары), сондай-ақ медициналық білім беру ұйымдарымен шарттар бойынша медицина және фармацевтика кадрларын даярлау үшін тиісті жағдайлар беретін денсаулық сақтау ұйымдары.
14) клиникалық тәлімгер – білім алушылардың және медициналық білім беру бағдарламаларының түлектерінің кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, қызметін білім, ғылым және практика үштұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медициналық қызметкер;
Полная версия
ИС BestProfi