1. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Білім беру бағдарламасының паспорты
2. ТжКБ ұйымдарында мамандарды даярлау медициналық индустрияны білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Білім беру бағдарламасында:
1) теориялық және тәжірибелік сабақтар, оның ішінде міндетті пәндер мен пәндерді зерттеу, білім беру ұйымымен, қосымша сабақ және кеңес;
2) кәсіптік оқыту және кәсіптік практика;
3) аралық және қорытынды аттестация.
Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлері үшін оқытудың кредиттік технологиясы кезіндегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы бағдарламаға 2-17 қосымшаларға сәйкес тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Циклдер мен пәндерді оқу тәртібін ТжКБ ұйымы дербес анықтайды.
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарымен айқындалатын бақылаудың және аттестаттаудың әртүрлі нысандарымен жүзеге асырылады.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттау педагогикалық кеңестің шешімі негізінде ұйым басшысы бекіткен жұмыс оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Оқу жылы аяқталғаннан кейін аралық аттестаттау қорытындысы негізінде ұйым басшысының бұйрығымен білім алушыларды келесі курсқа ауыстыру жүзеге асырылады.
7. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау білім беру ұйымының педагогикалық (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысанда жұмыс оқу жоспарында және академиялық күнтізбеде көзделген мерзімде өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауға үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламасын игеруді аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
8. Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдерді меңгеруді көздейді.
Базалық құзыреттер мамандықтар үшін әзірленеді және әлеуметтік жауапкершілік, жұмысты ұйымдастыру, жұмыс орнындағы басқа адамдармен өзара қарым-қатынас, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілік мәселелерін қозғайды.
Полная версия