1. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 5-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 36-бабына сәйкес әзірленді.
Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 7-қосымша
7-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
Оқу Бағдарлама өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-26 Бұйрығымен (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.11.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Оқу Бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Білім беру бағдарламасының паспорты
1-параграф. Бакалавриат
2. Бакалавриатта мамандарды даярлау медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) жалпы білім беретін базалық және бейінді пәндердің міндетті компонентінің циклдерін және таңдау компонентін зерделеуді қамтитын теориялық оқытудан;
2) аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады.
Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жоғары оқу орны өз бетінше анықтайтын және бітірушінің негізгі құзыреттерінің қалыптасуын міндетті бақылауды қамтитын бақылаудың әртүрлі формаларымен жүзеге асырылады.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттау ЖОО-ның ғылыми (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысандағы жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Оқу жылы аяқталғаннан кейін аралық аттестаттау қорытындысы негізінде ұйым басшысының бұйрығымен Білім алушыларды курстан курсқа ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта аудару балы анықталады.
7. Курстың бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ ең төменгі ауысу балын алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын арттыру мақсатында жазғы семестрде ақылы негізде жеке пәндерді қайта оқуға және олар бойынша емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
8. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарында және ұйымның ғылыми (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысанда академиялық күнтізбеде көзделген мерзімде өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауға жеке оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру үдерісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
9. «Мейіргер ісі», «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша бітірушінің құзыреттеріне және оқытудың соңғы нәтижелеріне қойылатын талаптар осы стандартқа 6, 7, 8-қосымшаларда келтірілген.
10. Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курстың білім алушылары жазғы семестрсіз қайта оқу жылына қалдырылады.
11. Білім алушыларда қорытынды аттестаттауды өткізу үшін ұйым мемлекеттік аттестаттау комиссиясын (МАК) қалыптастырады.
Полная версия