1. Резидентураның үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175 - бабының 5-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 36-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында (бұдан әрі – ұйымдар) резидентурада медицина кадрларын даярлау тәртібін айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 11.07.2022
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 647 бұйрығына 8-қосымша
8-қосымша күшін жойды 2022 жылғы 11 шілдесінен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ-63 Бұйрығына сәйкес
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
Оқу бағдарлама өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 29.07.2016 жылғы № 661 Бұйрығымен (31.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Оқу бағдарлама жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2020 жылғы № ҚР ДСМ-12/2020 Бұйрығына сәйкес (29.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.03.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Білім беру бағдарламасының паспорты
1-параграф. Резидентура
2. Резидентурада мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін тұлғалардың білім деңгейі – базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.
4. Резидентураның білім беру бағдарламасы теориялық және клиникалық даярлаудан, аралық және қорытынды аттестаттаудан тұрады.
Осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес резидентураның медициналық мамандықтары бойынша оқу бағдарламасының моделі келтірілген.
Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру осы Бағдарламаға 2-48-қосымшаларға сәйкес тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарлары және оқыту нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
5. Клиникалық дайындыққа басшылық ету үшін ұйым белгілеген тәртіппен клиникалық тәлімгерлер тартылады.
6. Резидентура тыңдаушыларының оқу жетістіктерін бағалау ұйым дербес айқындайтын бақылаудың және аттестаттаудың әртүрлі нысандарымен жүзеге асырылады.
7. Резидентура тыңдаушыларын аралық аттестаттау ұйымның ғылыми (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысандағы жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін аралық аттестаттау қорытындысы негізінде ұйым басшысының бұйрығымен резидентура тыңдаушыларын курстан курсқа ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта аудару балы анықталады.
8. Резидентура тыңдаушыларын қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарында және ұйымның ғылыми (әдістемелік) кеңесі бекіткен нысанда академиялық күнтізбеде көзделген мерзімде өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауға жеке оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған резидентура тыңдаушылары жіберіледі.
9. Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған бітіруші курс резидентура тыңдаушылары жазғы семестрсіз қайта оқу жылына қалдырылады. Қайта оқу жылы ақылы негізде жүзеге асырылады.
2-параграф. Магистратура
10. Денсаулық сақтау магистрі және медицина ғылымының магистрі магистратурасының үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрларын білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлауды көздейді.
Полная версия