Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.06.2019
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № 501 бұйрығына
 4–қосымша
«Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Осы Стандарт күшін жойды 2019 жылғы 7 маусымнан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2019 жылғы № 274 Бұйрығына сәйкес
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 20 маусымнан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 22.05.2020 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес
1. «Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарды салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтімге қорытынды.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру сағат 9.00 – ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
2) тікелей келіссөздерге қатысуға берілген өтінімнің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушімен барлық қажет құжаттарды (қасақана немесе пошта байланысы арқылы) бергені, өтініштің көшірмесіне көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, тіркелгені туралы белгі қойылуы қағаз түріндегі өтінішті қабылдауды растау болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 2117-кабинет, телефоны 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
Шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесіне пошта арқылы не қолма-қол жазбаша нысанда беріледі.
Шағымның қабылданғанын растау, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін, жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол өңделуі барысында жаңартылып отырылады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің орындалуы, жауабы немесе қараудан бас тарту туралы жаңартылып тұратын ақпаратқа да қол жеткізеді.
Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөнінде бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілетін өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін органдардың мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің – www.geology.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» деген бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 35 19, 74 35 50. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы – 1414.
Полная версия
ИС BestProfi